ЕУРО-2016. Түркия – Қазақстан – 3:1 (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕУРО-2016. Түркия – Қазақстан – 3:1 (ВИДЕО)

17.11.2014
ЕУРО-2016. Түркия – Қазақстан – 3:1 (ВИДЕО)

Матч алаң иелерінің белсенді ойынымен басталды. Фатих Керимнің жігіттері допты сенімді бақылап, қазақстандық ойыншыларға өзінің айып алаңына жақындауына мүмкіндік аз берді.

Ойынның 22-ші минутында Бурак Йылмаз матч есебін ашуы мүмкін еді, бірақ Қазақстан құрамасының қақпашысы Александр Мокинмен бетпе-бет келген сәтте оның тепкен добы қақпа жанынан қиыс өтті.

Түрік футболшылары шабуылды күшейте түсті. Нәтижесінде пенальтиден Бурак Йылмаз доп соқты. Үш минуттан кейін ол есепті 2:0-ге дейін жеткізді.

Матчтың екінші жартысында Қазақстан құрамасы футболшылары белсенді қимылдай бастады. Дегенмен 83-ші минутта түріктер үшінші доп салды. Ойынның 87-ші минутында қазақстандықтар бір гол соғып, есепті қысқартты. Қорытынды есеп – 3:1.

Келесі матчты біздің футболшылар 28 наурызда өз алаңында «А» тобында екінші орында тұрған Исландия құрамасымен өткізеді.

Хабарламаларға жазылу