«Бозторғай» телехикаясындағы рөлі арқылы көрермендердің жүрегін жаулаған Бурак Озчивит туралы не білесіз? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бозторғай» телехикаясындағы рөлі арқылы көрермендердің жүрегін жаулаған Бурак Озчивит туралы не білесіз?

06.03.2017
«Бозторғай» телехикаясындағы рөлі арқылы көрермендердің жүрегін жаулаған Бурак Озчивит туралы не білесіз?

27 ақпаннан бастап «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы түріктің «Бозторғай» телехикаясын ұсынып келеді.

Сол елдің атақты жазушысы Решат Нуридің 1922 жылы жарық көрген романы негізінде түсірілген туынды көрермендер арасында үлкен қызығушылыққа ие. 

Телехикая желісі бала күнінде тым ерке болғандықтан жақындары «бозторғай» атап кеткен Фериде мен Кямран арасындағы махаббат оқиғасына құрылған.

озчивит

Кямран рөліндегі басты кейіпкер Бурак Озчивит 1984 жылы 24 желтоқсанда Түркияның Газиантеп қаласында дүниеге келген. Болашақ актер Стамбулдағы Мармара университетінің фотография өнері факультетін (кейбір дереккөздерде көркем өнер факультеті) тәмамдаған. Осы уақыттың өзінде модельдік бизнес бойынша біршама жетістіктерді бағындырады. 2005 жылы «Түркияның ең үздік моделі» атағын иеленген. Ал, «Әлемнің үздік моделі» байқауында екінші белесті бағындырады. Суреттері «Gloria Magazine»,  «Marie Claire» сынды сән журналдарының мұқабасында үнемі жарияланып тұрады. Сондай-ақ, түрлі брендтердің жарнамасына түседі.

Кинематография саласында алғаш қадамы «Минус 18», «Муж по принуждению», «Семейный дом» туындылары арқылы басталды. Одан кейін «Семейный дом», «Предательство», «Великолепный век» фильмдері арқылы таныла түсті.  

Әлем бойынша көрермен арулардың жүрегін жаулаған туындысы  - «Бозторғай» телехикаясындағы рөлі.

бо

Фильмдегі басты рөлдің бірін сомдаған Фахрийе Эвдженмен (Фериде) 2014 жылы «Түркияның ең әдемі жұбы» деп танылды.  Фахрийе Эвджен 2014 жылы Түркияның шоу-бизнес өкілдерін марапаттауға арналған жылсайынғы «Elle Style Awards»  байқауында  «Бозторғайдағы» рөлі үшін «Үздік актриса» атағын иеленді. Аталмыш телехикаяның түсірілімі кезінде танысқан Бурак Озчивит пен Фахрийе Эвджен қазір шынайы өмірде де бірге.

бурак

Актер түсірілімдерден  тапқан табысына дизайнын өзі құрған «Белибей» атты мейрамханалар желісін ашқан.  «Менің жолым айқын - актерлық мамандықты жалғастырамын. Ал, кәсіп әкемнің бақылауында» дейді ол бір сұхбатында. Одан бөлек, жеке продюсерлік орталығы бар.  Хоббиі – футбол және спорттық автокөліктер.

Ол үшін әдемілік - түсірілім алаңының «ауасы» мен ондағы татулық. Тіпті бос уақытының өзін түсірілім алаңында өткізеді. Ал, түсетін фильмінің сценарийін оқығаннан кейін ойындағы образын бірден қағазға түсіреді.

Актер қазіргі уақытта өзі режиссерлік қырынан танылатын жаңа туындының сценарийін жазу үстінде. 

Айта кетейік, «Бозторғай» телехикаясын «Қазақстан»  Ұлттық телеарнасынан дүйсенбі-жұма күндері сағат 22:20-да көре аласыздар.

Есеріңізге салсақ, актер бұған дейін Ұлттық арнаның «Түнгі студия» бағдарламасында қонақта болған.

ТС бурак

 

Хабарламаларға жазылу