Геннадий Головкин Давид Лемьеге қарсы жекпе-жекке дайындығын бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Головкин Давид Лемьеге қарсы жекпе-жекке дайындығын бастады

26.08.2015
Геннадий Головкин Давид Лемьеге қарсы жекпе-жекке дайындығын бастады

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 17 қазан (Астана уақытымен 18 қазан) күні канадалық Давид Лемьеге қарсы жекпе-жекке дайындығын бастап кетті.

Бұл қазақстандық боксшы  үшін 2015 жылғы үшінші жекпе-жегі. Геннадий Головкин осыған дейін ақпан айыда Монте-Карлода британиялық боксшы Мартин Мюррейді, ал, мамыр айында америкалық кіші Вилли Монроны мерзімінен бұрын ұтқан.

Айта кетейік, кездесуді «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу