Юрий Никитенко: Қазақтың өрнектеріне ғашықпын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Юрий Никитенко: Қазақтың өрнектеріне ғашықпын

15.05.2015
Юрий Никитенко: Қазақтың өрнектеріне ғашықпын

Көкшетауда ұлттық бұйымдар жасап шығаратын серіктестік бар. Осы орталықты құрып, жұмысын жолға қойған жан – Юрий Никитенко. Алғашқыда бірнеше азамат бірігіп, жиһаз шығаруды қолға алған. Кейіннен ұлттық ыдыс-аяқтар, түрлі мүліктер жасап, жұмысын өрге домалатып келеді.

«Менің мамандығым – суретші.  Оқуды бітірген соң, бірнеше жігіт жиналып, жиһаз жасайтын бригада құрдық. Бастапқыда қазіргідей жетістікке жетеміз, деген ой болған жоқ. Жаспыз, ерінбей еңбек еттік. Өз ісіміз бізге ұнайтын. Мен қазақтың менталитетін, салт-дәстүрін бойыма сіңіріп өстім, қазақ достарым болды.  Қазақтың өрнектеріне ғашықпын»,-дейді кәсіпкер.

Никитенко бастаған шеберлер жұмыс барысын қайта қарастырып, тиімді әрі керекді деген дүниелерді шығаруды мақсат етті. Бүгінде бұл ойы іске асып, серіктестікте 100-ге жуық адам қызмет атқарады.

Юрий Никитенко жұмыс барысын қадағалап қана қоймай, осы салаға қызығушылығы бар жандарды үйретумен келеді.

Қазақы нақыштағы дүниелердің жасалу жолдарымен толығырақ «Таңшолпаннан» таныса аласыздар.

Хабарламаларға жазылу