«Айман-Шолпан» телехикаясының қоюшы-режиссері Арман Сандыбай мен актриса Роза Мұқатаева ертең «Таңшолпанда» қонақта - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Айман-Шолпан» телехикаясының қоюшы-режиссері Арман Сандыбай мен актриса Роза Мұқатаева ертең «Таңшолпанда» қонақта

22.12.2016
«Айман-Шолпан» телехикаясының қоюшы-режиссері Арман Сандыбай мен актриса Роза Мұқатаева ертең «Таңшолпанда» қонақта

«Айман-Шолпан» телехикаясының қоюшы-режиссері Арман Сандыбай мен актриса Роза Мұқатаева тікелей эфирде қонақта болады. Түсірілім алаңында көрермендер біле бермейтін қандай оқиғалар болды?

Ұлттық спорт үздіктері «Алтын тұғыр» сыйлығымен марапатталды. Осыған орай жылдың үздік көкпаршысы Әбуғали Әбжаппаров «Таңшолпан» студиясында қонаққа келеді.

Зейнеттегі подполковник биылғы жылы 75 кітапты оқып шығып «Ең үздік оқырман-2016» атағына ие болды. Кітап оқуды әдетке айналдырудың жолы қандай?

oky

Тұрғындар сәулетшілер мен құрылысшылар жіберген қателіктердің зардабын көруде. Мамандар нені ескермеген? Қандай сәтсіз оқиғалар болды?

Геннадий Головкиннің кезекті жекпе-жегі 18 наурызда өтетін болды. Былғары қолғап шеберінің бұл жолғы қарсыласы кім? Головкинге ұсынылған қаржы қанша? Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

golovkinggg

Жақындарыңызға ойламаған жерден қоңырау шалып, алғыс айтсаңыз не дер екен? Достарыңызға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау үшін не істей аласыз? «Таңшолпан» тұрғындардың шынайы бейнесін көрсететін кезекті экспериментті ұсынады.

Ұлыбритания тұрғындары Қазақстан туралы не біледі? Ағылшындар қазақ елі жайында қандай пікірде? Арнайы сауалнамадан біліңіздер.

23 желтоқсан сағат 07:00-10:00 аралығында Ұлттық арнадан көріңіздер.

Хабарламаларға жазылу