«Айман-Шолпан» телехикаясында басты рөлді сомдайтын актриса Салтанат Бақаева ертең «Таңшолпанда» қонақта - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Айман-Шолпан» телехикаясында басты рөлді сомдайтын актриса Салтанат Бақаева ертең «Таңшолпанда» қонақта

19.09.2016
«Айман-Шолпан» телехикаясында басты рөлді сомдайтын актриса Салтанат Бақаева ертең «Таңшолпанда» қонақта

Әнші, актриса Салтанат Бақаева мен режиссер Арман Сандыбаев ертеңгі «Таңшолпанда» қонақта. Ұлттық арна эфирінен беріліп жатқан «Айман-Шолпан» телехикаясында басты рөлді сомдайтын актриса фильм барысында болған қызықты жайттар туралы айтады.

Балет жұлдызы, «Астана Опера» театрының жетекші солисі Бақтияр Адамжан да ертеңгі бағдарлама қонағы. Дүниежүзілік би сайыстарының жеңімпазы Ұлттық арна студиясында өнер көрсетеді.

Таңшолпан

Түзеу мекемелері білім алушыларға қандай мүмкіндік береді? 2500 сотталушы жаңа оқу жылын бастады.

Дау-дамайды сотқа жеткізбей шешуге болады. Оның тиімді жолдары қандай?

Электрик мамандығының қыр-сыры неде? Қауіпті жұмыстың тілін игеру нені талап етеді? 

Ұлдарға тән шаш үлгісі мен киім қыздарды қаншалықты өзгертеді?

Таңшолпан

Ал, адамға қауіп төндірмейтін жыртқыштар мен жәндіктер бестігін білесіз бе?

20 қыркүйек күнгі «Таңшолпанның» көрерменге ұсынар қызығы мол. Сағат 07:00 және 09:00 аралығында «Қазақстан» арнасынан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу