Чилидің оңтүстігінде 37 кит жағаға шығып қалған, деп хабарлады елдің ұлттық балық шаруашылығы қызметі.
Өлі киттерді Сантьягодан оңтүстікке қарай 2000 шақырым жерде жағалауда зерттеу жүргізіп жатқан шетел ғалымдары тапқан.
Киттердің жаппай қырылу себебі және бұл оқиғаның қай уақытта болғаны әзірге белгісіз, мамандар Чилиде мұндай оқиғалар бұрын да болғанын айтады.
Киттер судың шамадан тыс балдырлануы немесе вирустың пайда болуынан қырылуы мүмкін деген болжам бар.