ҚР Ұлттық музейінде Павлодар өңірінің тарихынан сыр шертетін көрме ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Ұлттық музейінде Павлодар өңірінің тарихынан сыр шертетін көрме ашылады

10.05.2015
ҚР Ұлттық музейінде Павлодар өңірінің тарихынан сыр шертетін көрме ашылады

12-ші мамырда елордадағы ҚР Ұлттық музейінде «Ертістің Павлодар өңірі -тарих толқынында» атты көрме ашылады. Көрмеде Павлодар облысындағы музейлердің қорындағы құнды жәдігерлер қойылады, деп жазады pavlodarnews.kz.

«Қөңіл күмбірлеткен өнер» бөлімінде тарихи оқиғалар, ұлттық тұрмыс, философиялық ойлар тақырыбын арқау еткен қылқалам туындылары қойылады.

Сондай-ақ, елордалықтар көрмеде облыс орталығының құрылу тарихына қатысты жәдігерлерді тамашалай алады.

«Ертіс өңірінің этнографиясы» бөлімінде «Жайлау» инсталяциясы көрсетіледі. 19-20 ғасырлардағы қазақ халқының тұрмысы, қолөнері, сондай-ақ ұлттық дәстүрлерінен көрініс ұсынылады.

«Өңірдің палеонтология ескерткіштері» бөлімінде Павлодар өңірінен табылған палеонтологиялық ескерткіштермен танысуға болады.

Ал «Тарихи тұлғалар мекені» бөлімінде Бұқар жырау әдебиет және өнер музейінің қорындағы Павлодар өңірінің тарихи тұлғалары туралы материалдар көпшілік назарына қойылмақ.

 

Хабарламаларға жазылу