Ұлттық академиялық кітапханада Астана мерекесіне арналған көрме ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық академиялық кітапханада Астана мерекесіне арналған көрме ашылды

02.07.2014
Ұлттық академиялық кітапханада Астана мерекесіне арналған көрме ашылды

Бүгін Ұлттық академиялық кітапханада Астана мерекесіне арналған көрме ашылды.

«Биік қала, бекзат қала, бақ қала» атты көрме төріне Елорданың қалыптасу, даму тарихынан сыр шертетін кітап-журнал  қойылған.

Жалпы, кітапхана қорында 800 мыңнан астам кітап болса, оның 8 мыңы - бас қалаға арналған туындылар.

Көрмеге ең таңдаулы деген 100 еңбек қойылды. Олар «Елорда шежіресі», «Қазақ астанасының сәулетшісі», «EXPO-2017» және «Әлем таныған әсем шаһар» атты бөлімдерге топтастырылған.

Жиналғандар Астананың іргесін қалап, сәулеттік сымбатын асыруда Елбасының сіңірген еңбегі туралы туындылармен танысты.  Сондай-ақ, EXPO нысандары мен алып жобаны жүзеге асыру бағытында атқарылып жатқан шаруаны  көрді.

Сәрсенбай Еңсегенов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Бұл бүгінгі күн үшін ғана емес, болашаққа да керек үлкен қазына, деп есептеймін. Астананың құрылуы, Астананы көшіру туралы шешімдер, салынып жатқан ғимараттардың тарихы, осының барлығы келешек ұрпақ үшін үлкен тарихи құныдылыққа айналары сөзсіз. 

Гүлжан ҚАЛТАЙҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу