Петропавлда ҚХА-ның көрмесі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда ҚХА-ның көрмесі ашылды

02.03.2020

Петропавлда Қазақстан Халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай «Достық. Елдік. Бірлік» атты көрме ашылды. Шара «Тұңғыш Президент жолымен» халық экспедициясы» жалпыұлттық жобасы аясында ұйымдастырылған. Жалпы бүгінде теріскейде 100-ден астам этнос өкілі тұрып жатыр. Өңірдегі ассамблея қарамағында 200-ге жуық этномәдени ұйым бар. Көрмеге ассамблеяның тарихынан сыр шертетін суреттер мен 18-19 ғасырдан бері сақталып келе жатқан славян, неміс халықтарының тұрмыстық заттары қойылған. Сонымен қатар,бұл жерден 1930 жылы жарық көрген неміс халқының ұлттық әндер жинағын да кездестіруге болады. Көрме 6 шілдеге дейін жұмыс істейді.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу