«Біз соғысты көрген жоқпыз,
Естідік,
Соғыстан соң туғандармыз,
Етек жауып, ес біліп.
Соғыс үні жетім болып, жесір боп,
Тұратындай әлі бізге естіліп…»
Соғысты көргеніміз жоқ, ол туралы естідік. Соғыс туралы оқыдық. Соғыс туралы фильмдер көрдік. Біз соғыс қасіретін шеккен жоқпыз. Алайда қанқұйлы жылдар туралы ондаған өлең, жүздеген роман, мыңдаған мақала жазылды, қаншама кинокартиналар бар. Олардың қатары күн санап көбейіп келеді.
Кейінгі деректерге жүгінсек, миллиондардың өмірін құрбан еткен II Дүниежүзілік соғыс жылдары Жеңіске жетуге Қазақстанның қосқан үлесі телегей-теңіз. Әскер қатарына алынған 2 миллионға жуық қазақстандық боздақтың 400 мыңға жуығы майданнан оралмады. Олардың ішінде талай ғалым, талай ақын да, талай данышпан, талай өнерпаз да болды...
Жеңістің 70 жылдығына орай «Біз соғысты көрген жоқпыз» арнайы тележобасын бүгін Ұлттық арнадан сағат 16:35-те көре аласыздар.