Дулат Исабековтің «Ескі үйдегі екі кездесу» атты туындысы тұңғыш рет Лондон театрында сахналанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дулат Исабековтің «Ескі үйдегі екі кездесу» атты туындысы тұңғыш рет Лондон театрында сахналанды

01.05.2015
Дулат Исабековтің  «Ескі үйдегі екі кездесу» атты туындысы тұңғыш рет Лондон театрында сахналанды

Жазушы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Дулат Исабековтің «Ескі үйдегі екі кездесу» атты туындысы тұңғыш рет Лондон театрында сахналанды. Осыған орай жазушы бүгін  «Таңшолпанда» қонақта болды.

 «Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры  былтыр Астанаға менің бір пьесам бойынша үш спектакль алып келген: қазақ тілінде, орыс тілінде, ағылшын тілінде. Иманғали Тасмағамбетов осы идеяны Тілдер фестивалінің аясында  өткізіп, оған Лондон театры, Санкт-Петербург театры, сосын өзіміздің осы Қызылорда театры келген еді. Осы шарада ағылшындарға қызылордалық театрдың спектаклі ұнап, өздеріне шақырды.  Бұл – тұңғыш рет өзге ұлттың тілінде, ағылшын сахнасында қойылған туынды»,-дейді.

«Сондай-ақ, Лондонда «Біз соғысты көрген жоқпыз» кітабымның ағылшын тіліндегі нұсқасының тұсаукесері  өтті.  Бірақ, бұл шараға қатыса алмадым. Естуімше, тұсаукесер жоғары дәрежеде өткен. Танымал жазушылар, журналистер, лордтар палатасының өкілдері де қатысты. Білуімше, лордтар палатасының баспасөз қызметі көп шараға келе бермейді. Олардың дәрежесі жоғары болғандықтан, көп жерді менсіне де бермейді екен. Ағылшын халқы жоғары бағалап жатыр».

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу