Дулат Исабековтың әңгімелер мен пьесалар жинағы ағылшын тіліне аударылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дулат Исабековтың әңгімелер мен пьесалар жинағы ағылшын тіліне аударылды

11.07.2017

Белгілі драматург еңбегінің Қазақстандағы тұсаукесеріне Төлен Әбдік, Мырзатай Жолдасбеков сынды жазушылар, ақындар мен журналистер, сондай-ақ, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қатысты. Дулат Исабековтың ағылшын тіліндегі шығармалар жинағы ұлыбританиялық театр сыншылары және мәдениет қайраткерлерінің қолдауымен жарық көрген.

Дегенмен, Британияда кітаптың ресми тұсаукесері әлі өткізілмепті. Ол жазушының 75 жыл мерейтойы аясында қазанның 2-де Лондонда жоспарланып отыр.

Айта кетейік, жазушының «Біз соғысты көрген жоқпыз», «Гаухар тас», «Өкпек жолаушы» атты еңбектері де мұның алдында ағылшын тіліне аударылған еді. Шығармаларды Ұлыбритания халқы ыстық ықыласпен қабылдады.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу