«Темір» генерал – Сабыр Рақымов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Темір» генерал – Сабыр Рақымов

09.05.2015
«Темір» генерал – Сабыр Рақымов

Қазақ халқының даңқты ұлдарының бірі, генерал-майор Сабыр Рақымов жеті-сегіз жасар кезінде әкесі Омарқұл Ташкент қаласы маңындағы Пақтапұл деген жерге қоныс аударады.

Сабырдың балалық шағы төңкеріс алдындағы империялық Ресейдің және оның отарланған шеткі аудандарының көптеген балалары сияқты кедейшілікте өтті. Әкесі Омар 1907 жылы қайтыс болған соң сауаты жоқ анасы Бахарайым туған ағасы, диірменші Рақымның қолына қызы мен баласын ертіп барады.

Сабыр мектепке барған кезде нағашысының балалары қатарында «Рахимов» болып жазылып кетеді. 13 жасар Сабыр жергілікті байдың малын бағып күн көреді. 1917 жылы шешесі Бахарайым қайтыс болады да, ол балалар үйіне қабылданады.

Кейін 1922 жылы Бакудегі әскери мектепке қабылданып, оны үздік бітіреді.

Сабыр Рақымов әскери мектептен соң атты әскер взводының эскадрон командирі болып Қарақұмдағы басмашыларға қарсы күресте үлкен ерлік көрсетеді. Осыған байланысты ол 1927 жылы «Қызыл Ту» орденімен, 1930 жылы «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталады.

«Темір» генерал атанған батыр туралы толығырақ арнайы тележобадан көріңіз. Бүгін 18:00-де.

Хабарламаларға жазылу