Сарапшылар: Дамудың нақты бағыты айқындалды
Экономиканы дамытатын негізгі факторлардың екеуі – адами капитал мен инвестиция. Президенттің биылғы Жолдауында инвестиция тартуға баса назар аударғаны да осыдан дейді сарапшылар. Олардың сөзінше, жұмыс істейтін күш пен оны іске асыратын қаражат болса, ел экономикасы берік әрі қуатты болады. Сондықтан Президент айтқандай сырттан келетін қаржыны шикізатқа ғана емес, өнідіріс саласына бағыттаған абзал.
Ерділдә
Тәутенов, Экономикалық зерттеулер институты басқарма төрағасының
орынбасары:
Инвесторларға ең маңыздысы - заңнаманың тұрақтылығы, саяси режимнің тұрақтығы сондай-ақ олардың өзін қорғауға деген кепілдік керек. Сондықтан осындай органды құру арқылы инвесторларға сигнал жіберіп жатыр, яғни бізге келіп, қаржы құйсаңыздар, біз сіздерді қорғаймыз, салған ақшаңыздың кепілдігін, табыстылық кепілдігін береміз деген сигнал деп ойлаймын.
Әлия
Мырзағалиева, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарушы
директоры:
Инвестицияны тек тарту ғана емес, оны қажет салаларға бағыттау маңызды. Әсіресе ауыл шаруашылығы саласында ауқымды жұмыстар атқарылмақ. Сонымен қатар шағын және орта бизнестің әлеуетін арттыру мәселесі де айтылды. Бұл бағытта біз биылдан бастап өз бастамаларымызды жүзеге асыра бастадық.
Арман Ешмұратов, саясаттанушы:
Жасанды интеллектіні дамытуға айрықша көңіл бөлінуде. Бұл салада әлеует зор, бүкіл әлем осы бағытпен ілгерілеп келеді. Жоспар да аса ауқымды: небәрі үш жыл ішінде Қазақстанды толықтай цифрлық технологияға көшіру көзделіп отыр. Бұл – үлкен еңбек пен жауапкершілікті қажет ететін міндет.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
