9 мамыр күні халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Алматыдағы 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағындағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімін өткізеді.
Шараға халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының алғашқы президенті, соғыс ардагері, академик - Әбдуәли Қайдар, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті, академик Өмірзақ Айтбайұлы, қоғам вице-президенттері Ғарифолла Әнес, Ерден Қажыбек, қоғамның Алматы қалалық филиалының төрағасы Құсман Шалабаев, Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы Мамай Ахетов, Басқарма мүшесі, профессор - Әлімхан Жүнісбек, ұлт жанашырлары, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері қатысады.
Гүл шоқтарын қою рәсімінен кейін академик Әбдуәли Қайдар сөз сөйлеп, академик Өмірзақ Айтбайұлы «Бауыржан Момышұлы – ұлт тілін қорғаған батыр» атты баяндама жасайды.