Астанада «Жан дауыс» атты продюсерлік орталық ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Жан дауыс» атты продюсерлік орталық ашылды

06.05.2015
Астанада «Жан дауыс» атты продюсерлік орталық ашылды

Елордада тұңғыш рет өнер жұлдыздары мен кәсіби музыканттардың басын қосқан үлкен орталық тұсауын кесті. «Жан дауыс» деп аталатын продюсерлік орталықтың жетекшісі – Жан Мұқанов. Әзірге алты әншіні біріктіріп отырған орталықтың ашылу салтанатына Жезқазған өңірінен шыққан  атақты дизайнер Игорь Гуляев келді.

«Менен Ресейдегі достарым «Сен әлеуметтік желілерде қазақша жазып отырасың, қазақ тілін қайдан білесің?», деп сұрайды. Оларға Қазақстаннан екенімді бірден айтпаймын.  Мен қарапайым ауылдан шыққан адаммын. Бірақ, жетістікке жетуіме не кедергі, деген оймен Мәскеуден бірақ шықтым»,-дейді дизайнер.

Танымал дизайнердің киімдерін әйгілі әнші Уитни Хьюстон киген екен. Бүгінде Ресейдегі шоу-бизнес өкілдері Игорьдың қолынан шыққан киімдерді киеді.  Енді ол  жаңа орталықтың әншілеріне де киімдерін ұсынатын болады.

«Халыққа алты жоба көрсетпекпіз. Қалай боларын уақыт көрсетер. Олар: дәстүрлі әнші Қамар сұлу,  Сара Иса, Ринат Мальцагов, «Сұлтаным», «Smokie Ice» топтары және Нина  Моисеева»,-дейді  продюсерлік орталықтың жетекшісі Жан Мұқанов.

Орталықтың ерекшелігі туралы толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу