Сайлау күні тіркеуі жоқ азаматтар дауыс бере алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайлау күні тіркеуі жоқ азаматтар дауыс бере алады

17.11.2022

Астанада тіркеуі жоқ азаматтар да сайлау күні дауыс бере алады. Ол үшін арнайы 23 учаске ашылды. Азаматтар сайлау күні дауыс беру учаскелеріне барып, сол ғимаратқа бір күнге тіркеуге тұруы керек. Саяси науқан кезінде мұндай санаттағы дауыс берушілерге Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары көмектеседі. Осылайша тұрақты тіркеуі жоқ қала тұрғындары немесе қонақтары таңдау жасап, елдегі маңызды оқиғаға үлес қоса алады. 

Раушан Сайлауқызы




Хабарламаларға жазылу