Жұбайым кеңес бермегенде, миллиардер болмайтын едім – Джон Рокфеллер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жұбайым кеңес бермегенде, миллиардер болмайтын едім – Джон Рокфеллер

04.05.2015
Жұбайым кеңес бермегенде, миллиардер болмайтын едім – Джон Рокфеллер

Джон Рокфеллер – америкалық кәсіпкер, адамзат тарихындағы тұңғыш долларлық миллиардер.

Ол  бауыры Уильяммен және Генри Флаглер, Джабез А. Бостуик, Сэмьюэл Эндрюспен бірге 1970 жылы АҚШ-тың Огайо штатында  Standard Oil компаниясының негізін қалайды. Әлемде керосин мен бензиннің бағасы артқан сайын, оның да байлығы көбейе түсіп, әлемдегі тұңғыш долларлық миллиардер атанады.

Д.Рокфеллер байлығын жүйелі әрі бағытталған филонтропияға жұмсады. «Рокфеллер қорын» құрып, білім алуға, медициналық зерттеулерге қомақты қаржы жұмсады. Сондай-ақ, өз қаражатына Чикаго және Рокфеллер университетін ашып, Орталық Филиппин университетінің құрылысын қаржыландырды.

Джон Рокфеллер 1839 жылы АҚШ-тың Ричфорд қаласында дүниеге келген. Ол 7 жасынан бастап, шаруаға бейім болып, түрлі жұмыс атқарып, ақша таба бастайды. 13 жасында Ричфордтағы мектепке барады.

1953 жылы оның отбасы Кливлендке көшеді. Джон Рокфеллер Кливленд колледжіне  түсіп, есепші курстарын тәмамдайды. Көп ұзамай Hewitt & Tuttle компаниясында есепшінің көмекшісі ретінде қызметке тұрды. Бұл қызметте Д.Рокфеллер өзін нағыз маман ретінде танытты. Тіпті, компания басшысы қызметіне дейін көтерілді. Алайда, ол бұл қызметтен кетіп, 1857 жылы ағылшын кәсіпкері Джон Моррис Кларкпен  бірлесіп, «Кларк және Рочестер» компаниясының серіктесі болады. Сол жылдары химия саласының маманы Самуэль Эндрюспен танысады. 1959 жылы мұнай өңдеумен айналысатын «Эндрюс және Кларк» компаниясын құрады.

1964 жылы америкалық кәсіпкер мұғалім Лора Салестина Спелманмен отау құрады. Джон Рокфеллер өз жазбаларыда: «Жұбайым кеңестер бермегенде, осынша дәрежеге жетіп, миллиардер атанбайтын едім», - дейді.

Джон Рокфеллердің немерелері де атасының ізін қуып, саясат саласында қызмет етеді. Оның ішінде, ең танымалы - Нельсон Рокфеллер 1974-1977 жылдары АҚШ-тың вице-президенті болды. Ал, Дэвид Рокфеллер 1969-1980 жылдары «Манхэттон банкін» басқарды.

Өмірінің соңғы шағында Джон Рокфеллер бар байлығының жарты миллиардқа жуығын қайырымдылыққа жұмсайды.

Америкалық магнаттың құрметіне Антарктиданың батыс бөлігінде 1934 жылы ашылған үстіртке «Рокфеллер шоқысы» атауы, ал, негізгі полюстегі астероидқа Рокфеллия атауы берілген.

2000 жылдары ол тарихтағы ең бай адам боп есептелді. Forbes журналы оның байлығын 318 миллиард АҚШ долларына бағалаған. 

Хабарламаларға жазылу