Елімізде донор күтіп жүрген науқастардың бүгінгі ахуалы қандай?

01.02.2020

2008 жылдан бері әлемнің 104 елінде адамның ағзасын ауыстыруға қатысты 100 800 ота жасалған. Оның ішінде ең көбі бүйрек ауыстыруға қатысты. 69400 операция өткен. Кейін бауыр, жүрек, өкпе, ұйқы безін ауыстыруға бағытталған оталар тұр. Қазақстанда жылына 300-ге жуық ағза ауыстыру операциясы жасалады. Бұл адамның өмірін сақтауға бағытталған шара.

Адам ағзасын ауыстыру туралы айтқанда айтпай кетуге болмайтын бір есім бар. Ол Дэвид Рокфеллер. Білетіндер миллиардер өмірінде жеті рет жүрек ауыстырғанын айтады. Жеті рет операция үстеліне жатқан. Ота үнемі сәтті өткен. Бірақ бұл өмір мәңгі тұрмайтынымен мәлім ғой. Бұл жолы да солай болды. 1915 жылы туған Дэвид Рокфеллер 2017 жылы 101 жасында дүние салды. Ал қалтасында қыруар ақшасы жоқ, бірақ бір ағзасын ауыстырса жылдап өмір сүре алатын мыңдаған адам қазір донор күтіп сарылып отыр. Олардың бүгіні белгілі, ал ертеңі не болмақ?

Азамат БЕЙБІТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу