АҚШ-та президент сайлауында Дональд Трамп жеңіске жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та президент сайлауында Дональд Трамп жеңіске жетті

09.11.2016
АҚШ-та президент сайлауында Дональд Трамп жеңіске жетті

АҚШ-тағы президент сайлауының нәтижелері белгілі болды. Республикалық партия атынан кандидат болған Дональд Трамп қажетті сайлаушылар дауысын жинады, деп хабарлады АҚШ-тағы «ҚазАқпарат» ХАА арнаулы тілшісі.

k,

АҚШ-тың сайлау жүйесі күрделі екені белгілі. 8 қарашада америкалықтар өз дауыстарын қағаз жүзінде нақты кандидатқа емес, сайлаушыларға берген болатын. Жалпы Сайлаушылар алқасында 538 сайлаушы бар, АҚШ президенті атануы үшін кандидаттарға сайлаушылардың кемінде 270 дауысын жинауы қажет еді. 40-тан астам штаттардың нәтижесі бойынша Д.Трамп 276 дауыс жинады. Таңдалған сайлаушылар 19 желтоқсан күні Ақ үйдің жаңа басшысын сайлайды. Бір ай өткен соң, Дональд Трамп салтанатты ант қабылдайды және таяудағы төрт жылда елді басқаратын болады.

';]

Бизнесмен-миллиардер Дональд Трамп сенаторлар Тед Круздың және Марко Рубионың, Огайо губернаторы Джон Кейсиктің және басқа да отыз кандидаттардың алдын орап, 2016 жылы 19 шілдеде Республикалық партия атынан ресми кандидат болды. Д.Трамп сайлау сәтінде АҚШ-та сайланған ең алғашқы егде жастағы (70 жас) президент болмақ.

inform.kz 

Хабарламаларға жазылу