«Қайран, біздің аналар арды ойлаған!» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қайран, біздің аналар арды ойлаған!»

04.05.2015
«Қайран, біздің аналар арды ойлаған!»

«Қайран, біздің аналар арды ойлаған!». Мұқағали ақынның  осы бір ауыз сөзі сұрапыл соғыс жылдарында белі қайысып, қабырғасы майысып, тылдағы тірліктің барлық ауыртпалығын арқалап, бала-шағаны аман-есен жеткізген,  өле-өлгенше ар алдында адалдық танытқан аналарымыздың абзалдығына берілген әділ баға.

Соғыстың заңы біреу: өлім мен өмірден ғана тұрады. Бүгінге дейін небір азапты жылдарда, ашаршылықта, елдің басына түскен түрлі зұлматта, соғыста елді сақтаған ұлы аналар екенін  бүгінгі ұрпақ ұмытпауы қажет.

Тыл еңбеккерлері оқ пен оттың ортасында жүрмесе де, Жеңісті жақындату жолында аянбай еңбек етті. «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін»,-деген  ұранға үн қосқан  тылдағылар күндіз түздің жұмысын істесе, түнде жауынгерлерге арнап, киім-кешек тігумен, керек-жарақ әзірлеумен айналысқан.

Бүгінгі «Айтуға оңай...» хабары тылда тер төккен аналарға арналады. Ұлттық арнадан сағат  21:05-те  көріңіз.

Хабарламаларға жазылу