«Қазағымның радиосы» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазағымның радиосы»

26.09.2016
«Қазағымның радиосы»

Биігіңде қалықтасаң, қалықта,

Ұмтылатын Күн сәулелі жарыққа.

Ұлтымыздың үнжарғысы ұранды,

Үнің жетсін байтақ жатқан халыққа!

Тыныс алып, ел ұйқыда жатқанда,

Оятасың Әнұранмен ақ таңда.

Әр жүректі әлдилейсің әніңмен,

Ізгіліктің жолын іздеп тапқанда.

 

Қайырмасы:

Бөлісетін халықпенен ізгі арды,

Қазағымның радиосы – үнжарғы.

Әуелеген толқынымен топ жарып,

Ой айтасың салиқалы, сындарлы.

Қазағымның радиосы!

 

Әлемдегі жаңалықты қарсы алып,

Жеткізесің елге бұрын жар салып.

Қандай ғажап радиосы Қазақтың

Сөйлеп тұрса төрімізде ән салып!

Хабарламаларға жазылу