Қостанайлық кейуана 115 жасқа толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайлық кейуана 115 жасқа толды

04.03.2017
Әсіресе, әжейдің әлі күнге дейін кітап оқитыны қайран қалдырады.

Еліміздің ең қарт тұрғыны Қостанай қаласында тұрады. Марфуға Селтеткенова 115 жасқа толды. Ғасырдан да ұзақ ғұмыр кешкен кейуананың денсаулығы бірқалыпты. Қимылы ширақ, ойы сергек.

Әсіресе, әжейдің әлі күнге дейін кітап оқитыны қайран қалдырады. Ән де шырқайды. Ғасырдан артық уақыттың тірі куәгері, жетінші ұрпағының қолынан су ішкен ерекше тағдыр иесі жайлы Дәуренбек Әбдібек әңгімелейді.

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу