Астана әуежайында қолды болған фотоаппарат иесіне қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана әуежайында қолды болған фотоаппарат иесіне қайтарылды

04.05.2015
Астана әуежайында қолды болған фотоаппарат иесіне қайтарылды

Астана қаласының әуежайынан «Астана-Абудаби» бағытының жолаушысы 29 жастағы азаматша күту залында фотоаппаратын ұмытып қалдырып кеткені туралы жергілікті полиция бөлімшесіне хабарласады.

Жедел-іздестіру барысында полицейлер әуежайдан күдікті ретінде Астана қаласының 49 жастағы тұрғынын ұстайды.

Азаматшаны тінту барысында құны 140 мың теңге тұратын фотоаппарат табылған. Күдікті фотоаппаратты тауып алғанын айтқан.

Қазірде тергеу амалдары жүргізілуде.

Хабарламаларға жазылу