Атырауда пәтер тонаған ұрылар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда пәтер тонаған ұрылар ұсталды

17.01.2017
Полицейлердің қолына түскен әккілер бұған дейін талай баспананың құлпын арнайы құрылғылармен ашып, бар мүлкін үптеп кеткен. Бір ғана Балықшы ықшам ауданындағы пәтерлерден ұрылар 6 ноутбук, 2 фотоаппарат, 3 теледидар, тоңазытқыш пен велосипед, 4 ұялы телефон, 10-нан астам құнды әшекей бұйымды қолды еткен.

Айдос ҚАРАБАЛА

Хабарламаларға жазылу