«Түнгі студияда» - Владимир Смирнов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Түнгі студияда» - Владимир Смирнов

01.05.2015
«Түнгі студияда» - Владимир Смирнов

Владимир Смирнов – қазақстандық спорттың аңызы.  Қазақстандағы тұңғыш Олимпиада чемпионы,  Қазақстан Республикасының және КСРО-ның спорт шебері, төрт дүркін Әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының төрт дүркін күміс және екі дүркін қола медальдарына ие болған.

Шаңғы жарысының шебері Владимир Смирнов бүгінде тек шаңғы спорты ғана емес, Қазақстандағы жалпы спортты дамытумен де айналысуда. Қазіргі таңда ол «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубын басқарады.

Спорт шебері қыста шаңғы теуіп жаттығады. Ал, жазда ше? «Түнгі студияның» тосын сұрақтарына ұтымды жауап берген Владимир Смирновтың сұхбатын бүгін 23:40-та Ұлттық арнадан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу