Владимир Смирнов «Астана» Президенттік кәсіпқой спорт клубының жаңа басшысы болып тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Владимир Смирнов «Астана» Президенттік кәсіпқой спорт клубының жаңа басшысы болып тағайындалды

19.08.2014
Владимир Смирнов  «Астана» Президенттік кәсіпқой спорт клубының жаңа басшысы болып тағайындалды

Қазақстандық атақты шаңғышы Владимир Смирнов «Астана» Президенттік кәсіпқой спорт клубының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» АҚ  PR-директоры Айдар Махметов мәлімдеді.

Владимир Смирнов 1994 жылғы Қысқы Олимпиаданың чемпионы, сондай-ақ, Олимпиаданың 4 дүркін күміс және 2 мәрте қола жүлдегері. Сонымен қатар, Владимир Смирнов 4 рет Әлем чемпионы және КСРО Чемпионатының жүлдегері атанған.

Естеріңізге сала кетейік, «Астана» Президенттік кәсіпқой спорт клубының құрамында «Барыс», «Астана» футбол және баскетбол клубтары бар. Сондай-ақ, Илья Ильин, Геннадий Головкин, Денис Тен және басқа да спортшыларды қаржыландырады.

Хабарламаларға жазылу