«Құнанбай» фильмі көрерменге жол тартады
Таяуда ұлы Абайдың әкесі, қайраткер тұлға Құнанбай Өскенбайұлы туралы толықметржады көркем фильм жұртшылық назарына ұсынылады. Туынды авторы Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ұлттық театр және кино актері, режиссер, продюсер Досхан Жолжақсынов.
Досхан Жолжақсынов режиссерлік еткен «Біржан сал» фильмі кезінде кәсіби мамандар, киногерлер тарапынан аса жоғары баға алды.
Құнанбай қажы туралы фильмнің тұсаукесері Қарауылда 12 мамыр күні, Семейде 13 мамырда, Астанада 16 мамырда, ал, Алматыда 24 мамырда өтпек.
Фильм мамырдың 25-нен кейін еліміздің барлық кинотеатрларынан көрсетіле бастайды.
Сценарий авторлары – Досхан Жолжақсынов пен Таласбек Әсемқұлов.
Фото: Дидар Амантайдың Facebook-тегі парақшасынан алынды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халық бұлақтың көзін ашты
25.08.2026, 13:25
Қазақстандық медиамамандар тағылымдамадан өтті
25.08.2026, 13:22
Алматыда жаңа әскери қалашық салынып жатыр
25.08.2026, 13:20
Бизнеске арналған AI-навигаторды іске қосты
25.08.2026, 13:17
Австралияда ЖИ-мен шығарылған әндерге тыйым салынды
25.08.2026, 13:15
Тунистегі шеру тәртіпсіздікке ұласты
25.08.2026, 13:12
Электросамокатпен жаяужолмен жүруге тыйым салды
25.08.2026, 13:09
Автономды қазандықтар жылыту маусымына 98% дайын
25.08.2026, 13:06