Футзал. «Қайрат» ресейлік «Дина» клубын ұтып, УЕФА Кубогының финалына шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футзал. «Қайрат» ресейлік «Дина» клубын ұтып, УЕФА Кубогының финалына шықты

25.04.2015
Футзал. «Қайрат» ресейлік «Дина» клубын ұтып, УЕФА Кубогының финалына шықты

Бірінші жартылай финалда қазақстандық «Қайрат» пен ресейлік «Дина» командалары кездесіп, алматылық клуб қосымша уақыт қорытындысы бойынша 7:4 есебімен жеңіске жетті.

Голдардың авторлары: Лео 11 (0:1), Эскердинья 24 (1:1), Лео 36 (1:2), Лео 39 (1:3), Эскердинья 40 (2:3), Прудников 40 (3:3), Диваней 42 (3:4), Дуглас 46 (3:5), Лукаян 47 (3:6), Прудников 48 (4:6), Лео 50 (4:7)

Ал, екінші жартылай финалда португалиялық «Спортинг» пен испаниялық «Барселона» сынға түскен еді. Қарсыластарын 1:3 есебімен ұтқан «Барселона» енді финалда «Қайратпен» ойнайды.

Еске сала кетейік, «Қайрат» пен «Барселона» арасындағы УЕФА Кубогының финалын 26 сәуірде сағат 22:20-да тікелей эфирде «KAZsport» телеарнасынан тамашалай аласыздар. Сонымен қатар, «KAZsport» телеарнасы 26 сәуірде «Төрттік финалдағы» 3-ші орын үшін кездесуді сағат 19:50-де көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу