«Қайрат» УЕФА Кубогы иегері атағын қорғамақ
24-26 сәуір күндері Алматының «Қайрат» футбол командасы шағын футболдан УЕФА-ның төрт кубогы финалы аясындағы кездесулерге қатысып, өзінің Кубок иегері атағын қорғайтын болады, деп хабарлады команданың баспасөз қызметінен.
«Бакудегі 2200 жанкүйерге арналған «Серхедчи» олимпиадалық спорт кешенінде өтетін турнирге УЕФА Кубогының игері Алматының «Қайрат», испандық «Барселона», әзербайжандық «Араз» және мәскеулік «Динамо» клубтары қатысады», - делінген хабарламада.
Кездесу кестесі (Баку уақыты бойынша - Астана уақытымен екі сағат айырмашылық бар)
24 сәуір
18:30 Қайрат - Динамо
21:00 Араз - Барселона
25 сәуір - демалыс күні
26 сәуір
19:00 - үшінші орын үшін матч
21:30 - финал
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Алматының «Қайрат» командасы отандық шағын футбол тарихында алғаш рет жартылай финалда Испанияның «Барселонасын», ал, финалда Мәскеудің «Динамосын» ұтып, УЕФА Кубогының иегері атанған болатын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылордада «Отбасы банк» салымшыларының саны 100 мыңнан асты
08.12.2025, 20:56
Оңтүстік-Шығыс Азияның екі елі қайта қақтығысты
08.12.2025, 20:53
Әлем жаңалықтарына шолу
08.12.2025, 20:52
Н.Төреғалиев: Ең арзан сиыр еті – Батыс Қазақстанда
08.12.2025, 20:45
Аягөздегі алыс ауылдардың мәселесі шешілді
08.12.2025, 20:41
ЛГБТ насихатын шектеу ұлттық құндылықтарды қорғайды
08.12.2025, 20:31
«Қайрат» пен «Олимпиакос» матчын Ұлттық арна тікелей эфирде көрсетеді
08.12.2025, 20:25
Стоматологиядағы бала өлімі: Анестезиологтан жауап алынды
08.12.2025, 20:14