«Қазақия-2015» байқауы қорытындыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақия-2015» байқауы қорытындыланды

23.04.2015
«Қазақия-2015» байқауы қорытындыланды

«Қазақия-2015» байқауы қорытындыланды. Байқау барысында қатысушылар еліміздің бірнеше облысы мен қаласын қамтыған. Белгіленген шарт бойынша қатысушылар 12 күні ішінде елдің 12 станциясын басып өткен.

Блогсапардың негізгі мақсаты – елімізді жаңа қырынан танытып, қазақтілді интернет кеңістігін сапалы мәтіндік, видео, фото контентпен толықтыру.

«Жоба аясында 300-ге жуық фото, видео, мәтіндік контент жазылды. Қызықты тақырыптар көп болды. Мысалы, Абайдың қанша малы болған, Мұхтар Әуезовтың футбол ойнағаны,  Аягөздегі 70 жастағы таксист әже сынды тақырыптар болды»,-дейді жоба ұйымдастырушысы Рахат Жақсыбай.

Байқауда блогерлер тобы іріктеуден өтіп, бірнеше кезеңге тапсырма алып отырған. Қатысушылардың еңбектері әлеуметтік желілерде жарияланып, тартымдылығы мен шынайылығы жағынан бағасын алды.

Қазылар алқасының шешімімен «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Жаңалықтар қызметінің тілшісі Нұрбек Бекбау жеңімпаз танылды.

«Мен қызметімді жаңалықтар қызметінде бастадым. Осы сапарда Ұлттық арнаның тәжірибесі, мобильділікке үйреткені өте көп көмегін тигізді»,-дейді жеңімпаз.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу