Наурызнама: 4 мыңға жуық тұрғын ұлттық киіммен шеруге шықты
Атырауда бүгін 4 мыңға тарта тұрғын ұлттық киім киіп, көпшілікті тәнті етті. Қала орталығындағы Сұлтан Бейбарыс алаңында әуезді ән мен көрісуден басталған шеру Исатай-Махамбет алаңына дейін жалғасты. Алдыңғы саптағылар көк туымызды желбіретіп, өңір өнерпаздары ұлттық аспаптарда ойнап, көштің рухын көтерді. Этно-мәдени бірлестіктердің және 70-ке тарта мекеме өкілдері шараға белсене қатысып, ұлттық дәстүрді дәріптеді.
Әміржан Нұрланұлы, Атырау қаласының тұрғыны:
Қазағымыздың аспандап келе жатқан шағында бір өте керемет сезім деп ойлаймын. Оның үстіне біздің жаңа жылымыздың қазақы қарсаңында осылай бір-бірімізбен емен-жарқын көрісіп, өзіміздің ұлттық киімімізді, шапанымызды киіп, осы көшеде салтанат құрып жатқанымыз біз үшін өте жоғары әсер беруде.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04