«Мереке» әскери-спорттық балалар лагері сарбаз қабылдауды бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мереке» әскери-спорттық балалар лагері сарбаз қабылдауды бастады

21.04.2015
«Мереке» әскери-спорттық балалар лагері сарбаз қабылдауды бастады

«Мереке» әскери-спорттық балалар лагері 8-17 жас аралығындағы балаларды демалуға шақырады. Мұнда демалушылар әскери өмірдің қыр-сырымен танысуға мүмкіндік алады.

Себебі балалар лагерьде палаткада өмір сүріп, әскери тәртіппен жүреді.

Демалушылар медициналық көмек көрсету, өзенді жүзіп өту, алау жағу және өзін-өзі қорғауды үйренеді. Сондай-ақ, алғашқы әскери дайындық курсынан өтеді.

Айта кетейік, демалыс орны Алматы-Қапшағай жолында орналасқан. 

Хабарламаларға жазылу