Астанада «Жастар-Отанға!» атты жастар лагері ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Жастар-Отанға!» атты жастар лагері ашылады

26.08.2015
Астанада «Жастар-Отанға!» атты жастар лагері ашылады

2015 жылғы 26-28 тамыз аралығында Астана қаласының 36-шы десанттық-шабуылдау бригадасының аумағында аймақтық жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері мен жастар үкіметтік емес ұйым өкілдері үшін «Жастар Отанға!» жастар лагері ұйымдастырылады. 

Шараның мақсаты -  жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруді жетілдіру, Қазақстан  азаматтарының бойында патриотизмді қалыптастыру, барлық ұлттардың рухани-мәдени құндылықтарын және мәдени ерекшеліктерін сақтау жағдайындағы Қазақстан қоғамының дәстүрлерін жалғастыру.

Жастар лагерінің 300 қатысушына үш күн ішінде әскери-патриоттық тақырыпта  лекциялар мен семинарлар, әскери бөлімшелерінің көрнекті қойылымдары, әскери қару-жарақ пен техника көрмесі, спорттық сайыстар, флеш-мобтар мен  «Алжир» мемориалдық кешеніне экскурсия жасау жоспарланған, деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

 

 

 

Хабарламаларға жазылу