Тимур Бекмамбетовтің «Unfriended» туындысы америкалық прокатқа шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тимур Бекмамбетовтің «Unfriended» туындысы америкалық прокатқа шығады

19.04.2015
Тимур Бекмамбетовтің «Unfriended» туындысы америкалық прокатқа шығады

«Universal» компаниясы Тимур Бекмамбетовтің хоррор жанрындағы «Unfriended» туындысын америкалық прокатқа шығармақ.

Фильмдегі оқиғалар «Skype» әлеуметтік желісі арқылы байланыс орнатқан алты жасөспірімнің әрекеттері бойынша компьютер экранында өрбиді.

Туындыға Т.Бекмамбетовпен қатар, кино өнерінде хоррор-франшиз жанрының негізін салушылардың бірі америкалық Джейсон Блум продюсерлік еткен.

Фильмнің әлемдік премьерасы Канаданың Монреаль қаласындағы «Fantasia» кинофестивалінде өтті. Туынды бұл байқауда көрермендер көзайымы жүлдесі бойынша «Инновациялық фильм» аталымымен марапатталды.

Сондай-ақ, «Unfriended» туындысы наурыз айында Остинда (АҚШ, Техас)  «South by Southwest» кинофестивалінде, сәуір айында Калифорнияның Анахайм қаласында (АҚШ) өткен әлемге әйгілі «WonderCon» комикс және ғылыми-фантастикалық фильмдер  фестивалінде көрсетілді.

Картина бюджеті - 120 мың АҚШ долларын құрады.

ria.ru

Хабарламаларға жазылу