Қаламның қалпақшасындағы саңылау не үшін? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаламның қалпақшасындағы саңылау не үшін?

19.04.2015
Қаламның қалпақшасындағы саңылау не үшін?

Шарикті қаламдарды бәрі біледі. Алайда, оның қалпақшасының дизайны турасында толғанатындар аз. Қаламның қалпақшасы неге мұндай пішіндес?

1991 жылы BIC компаниясы жаһанға қаламның жаңа дизайнын ұсынған еді. Компанияның  әлемге әйгілі Cristal Pen қаламдарының моделінде кішкентай саңылау бары білінбейді. Бұған жұрт ешқашан мән беріп те көрген емес.

Алайда, дәл осы саңылау жыл сайын жүздеген баланың, тіпті ересектердің де өмірін сақтап қалды. Қалай дейсіз ғой?

Кішкентай балалар қолына түскен әр нәрсенің «дәмін көруге» құмар келеді. Ал, ересектердің  қаламның басын қажап отыратын әдеті бар. Ауызға түскен қалпақша өңешке кетіп қалса, тыныс алу жолдарын бітеп тастайды. Қалпақшадағы саңылаудың қажеттілігі осында. Ол – жедел жәрдем келгенше, адамға тыныс алуға мүмкіндік береді. 

Бір қызығы, мұндай саңылау чупа-чупс кәмпитінің  таяқшасында да бар.

Хабарламаларға жазылу