300 жылға жуық тарихы бар Дат корольдік театрының гала-концерті өтеді
Астанада алғаш рет Дат корольдік театрының гала-концерті өтеді. 300 жылға жуық тарихы бар өнер ұжымы әлемдегі ең көне әрі беделді театрлардың бірі. XVIII ғасырдан бастау алатын көне балет ұжымы шеберлік сабақтарын да өткізеді. Мамандардың ішінде әлемдік балет жұлдызы Динна Бьёрн бар. Бурнонвиль стилінің жетекші маманы, Еуропаның ірі балет театрларын басқарған тәжірибелі педагог. Ол әлемнің үздік театрларымен жұмыс істеп, халықаралық байқаулардың тұрақты қазылар алқасының мүшесі. Жобаның мақсаты - Қазақстандағы балет өнерін дамыту, жас таланттарға халықаралық деңгейде білім алуға мүмкіндік беру.
Мейрамбек Назарқожаев, ұйымдастырушы:
Осы жексенбі күні сағат 18:30-да «Астана балет» театрында Дания театрының гала концертіне келіңіздер. Ол өте тарихи ескі театрлардың бірі. 1748 жылы қабырғасы қаланған. Алғаш рет Астанада өтеді, жіберіп алмаңыздар. Микс программа болады, арнайы қонағымыз бар. Селена Муньез. Ол жыл бишісі атағын ұтып алған. Үлкен фламинго атақты биші. Сол кісі келіп, өзінің екі солосын ұйымдастырады.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17