«Шерлок». «Соңғы серт» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шерлок». «Соңғы серт»

11.04.2015
«Шерлок». «Соңғы серт»

Бұл хикая Шерлоктың дұшпаны Чарльз Август  Магнусен туралы.  Ол үкімет басында отырған шенеуніктердің құпия-сырын біліп,  бопсалаудың  нағыз хас шебері еді. Әрі Шерлок үшін өте жағымсыз кейіпкер.

Шерлок ұрланған хаттар туралы істі тергей бастайды. Бұл Шерлокты «Бопсалаудың Наполеоны» деген лақап атпен танымал, батыс әлеміндегі әрбір маңызды тұлғаның әлсіз жерлерін білетін Чарльз Агустус Магнуссенмен қауіпті текетіреске әкеп соғады.

Тергеу барысында Магнуссеннің бопсалағандарының біреуі Шерлокқа оқ атып, өлтіруге аз қалады.

Бүгін «Шерлок» детективінің «Соңғы серт» атты 3-маусымдағы 3-бөлімін сағат 00.40-та Ұлттық арнадан көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу