Ақтауда сарбаздар ант қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда сарбаздар ант қабылдады

21.05.2015
Ақтауда сарбаздар ант қабылдады

Ақтауда сарбаздар ант қабылдады. Осы көктемде әскер қатарына шақырылған 120 жауынгер Отан алдындағы борыштарын адал атқаруға серт берді.

Олар екі айға жуық  әскери өмірдің тәртібін үйреніп, жан-жақты дайындықтан өтеді. Каспий теңізі арқылы бес елмен шектесетін Қазақстанның судағы шекарасын күзету осы сарбаздарға жүктелген. 

Антына адал болуға серт еткен ұландарын көріп, салтанатты шараға қатысу үшін еліміздің түкпір-түкпірінен ата-аналар арнайы шақырылған. 

 

Жазира ӘБІЛ

Хабарламаларға жазылу