Космонавтар дүйсенбі күні неге ұшпайды? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Космонавтар дүйсенбі күні неге ұшпайды?

11.04.2015
Космонавтар дүйсенбі күні неге ұшпайды?

1. Ең алғаш «ғарыштық ырымшылдықты» конструктор Сергей Королев бастаған көрінеді. Ол дүйсенбі күні ұшқанды қаламаған, сол күні ұшу уақыты белгіленсе, кейінге ауыстырып отырған. Оның себебі әлі күнге жұмбақ күйінде. Кеңес Одағы кезінде алғашқы үш жылда ғарыш айлағында дүйсенбі күні ғарыш кемесі ұшырылмаған. Кейін дүйсенбіде әуеге көтерілген кемелердің 11-інде апат болған. 1965 жылдан бері бейресми ғарышқа «ұшпайтын» күн, ол – дүйсенбі.

2. Байқоңырда да «сәтсіз күн» бар. Онда 24 қазанға ұшу уақытын белгілемейді. Бұл күні, тіпті ұшу алаңдарында маңызды жұмыстар жүргізілмейді. 1960 жылы Байқоңырдың ұшу алаңында МБР Р-16 зымыраны жарылып, он шақты адам қайтыс болған. Сондай-ақ, 1963 жылдың 24 қазанында ұшу алаңында Р-9А зымыраны сынып, 8 адам жанып кеткен.

3. Конструкторлардың ішінде капитан Смирницкий «бақытты» оператор саналған. Ол үнемі «Start» батырмасын басатын. Ешқандай зымыран Смирницкийдің командасынсыз ғарышқа көтерілмеген. Тіпті, сол кезде оның қолында экзема болса да, Королев «қолы жеңіл» деп есептеген.

4. Ғарышкерлер ешқашан алғашқы ұшу кезінде қолтаңба бермеген. Кейбіреулері қара сиямен қолтаңба қалдырудан қашқан. Сондай-ақ, ғарышкерлердің ұшар алдында қонақ үйдегі бөлме есігіне ерекше құлшыныспен қалдырған қолтаңбасын өшіруге, сырлауға қатаң тиым салынған.

5. Кейбір басшылар Валентина Терешкованы ғарышқа жіберуді - жаман ырымға балаған. Дегенмен, 1963 жылы, Мәскеудегі халықаралық әйелдер конференциясының қарсаңында, ғарышқа әйел адам ұшуы керек деген ұран негізінде В. Терешкова ғарышқа ұшқан тұңғыш әйел.  

6. Ғарышкерлер ұшар алдында міндетті түрде «Белое солнце пустыни» деректі фильмін қараған.

7. Ал 13 санына қатысты ғарышкерлер мен зымыраншылар арасында ырым жоқ. Әрине бұл санды ұнататындар аз шығар, бірақ олар мұндай «13, жұмаға мән бермейді». НАСА болса 13 санын ұнатпайды. Себебі, әйгілі «Аполлон-13» ғарышқа Жерден 11-сәуірде ұшырылып, 13 сәуірде кеменің бортында жарылыс болған.  

Интернет материалдары бойынша дайындалған

Фото: tainy.net

Хабарламаларға жазылу