«Шын жүректен!» хабары қорытындыланбақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шын жүректен!» хабары қорытындыланбақ

10.04.2015
«Шын жүректен!» хабары қорытындыланбақ

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасындағы  көрерменнің көңілінен орын алған ерекше бағдарламалардың бірі – «Шын жүректен!» реалити-шоуы.

Алғашқы саны 2014 жылдың 6 қыркүйегінде эфирге жол тартқан хабарда тағдыры сан қилы адамдар кейіпкер болды. Олардың арасында соңғы 15 жылын қуыршақ жасау ісіне арнаған қамқор әке, 50 жылдан соң сахнаға оралған Үмітжан әже, суға кеткен 12 баланы жалғыз өзі құтқарған батыр – Бейсетай Дәуренбеков, қазақтың тілінде сөйлеп, қазақтың домбырасын тартатын балалар үйінің тәрбиеленушілері Юлия және Настя Анищуктер және де басқа жасампаз жандар бар.

Жобаның мақсаты – көрермендерге қазіргі заманның батырлары деп айтуға тұратын кейіпкерлердің ерлік әрекеттерін жеткізу, насихаттау.

Бүгінге дейін 29 жанның арманын орындап, олардың ізгі мақсаттарын халыққа паш еткен, 29 тағдырға үміт сыйлаған «Шын жүректен!» қорытындыланбақ. Хабардың соңғы шығарылымын бүгін 21.55-те Ұлттық арнадан көре аласыздар.

Өмірде мейірімділік, қамқорлық, адамдық сынды асыл қасиеттердің бар екенін еске салатын хабар Сізге несімен ұнады? Ой-пікіріңізбен бөлісерсіз.

Хабарламаларға жазылу