«Түнгі студия» хабары «Rin'Go» тобына «төлқұжат» сыйлады (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Түнгі студия» хабары «Rin'Go» тобына «төлқұжат» сыйлады (ВИДЕО)

18.11.2015
«Түнгі студия» хабары  «Rin'Go» тобына «төлқұжат» сыйлады (ВИДЕО)

«Rin'Go» тобы 10 жылдық мерейтойына орай концерт өткізеді. Бұл туралы жігіттер «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» хабарына берген сұхбатында айтты.

 «10 жылдық мерейтойымызға орай концерттік бағдарлама дайындап жатырмыз.  Жуырда  әр қалада концерт өткізу жоспарда бар. Басты қалалар – Астана және Алматы», - деді топ мүшесі Данияр Өтеген.

«Түнгі студия» хабарының ұжымы «Rin'Go» тобын 10 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып,  оларға «төлқұжат» сыйлады.

«10 жыл деген – мектеп сияқты. Сіздер үлкен сахнада мектеп бітіргендей болдыңыздар. Шын жүректен құттықтаймыз. Мектеп бітірген кезде төлқұжат береді. «Түнгі студия» бағдарламасының атынан «Rin'Go» тобына сондай «төлқұжат» ұсынамыз», - деді бағдарлама жүргізушісі Нұрлан Қоянбаев.

 

Бағдарламаның толық нұсқасы 

Хабарламаларға жазылу