Иран-Ғайыптың Роза Рымбаева арнаған өлеңі –«Әйелдің жасы – он сегіз!» (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иран-Ғайыптың Роза Рымбаева арнаған өлеңі –«Әйелдің жасы – он сегіз!» (ВИДЕО)

07.04.2015
Иран-Ғайыптың Роза Рымбаева арнаған өлеңі –«Әйелдің жасы – он сегіз!» (ВИДЕО)

Алқалы топқа енсеңіз,

Ақын жырына сенсеңіз,

Әйелдің жасын сұрама,

Әйелдің жасы – он сегіз!

 

Жүрмейін десең өкпелі,

Қалмайын десең шеткері,

Сұрама жасын әйелдің,

Адамзаттың мәңгі көктемі.

 

Сәл жасып, мойын бұра ма?

Алжасып, айнып тұра ма?

Келіншек пе, күйлі кемпір ме?

Әйелдің жасын сұрама!

 

Толық па, шидей арық па,

Молық па, мешеу ғаріп па?

Жасың нешеде дей көрме,

Әйел дейтұғын халыққа.

 

Қыз ба, әлде, сарықарын ба?

Мұз ба, әлде, от па, жалын ба?

Кім болсын, мейлі, құлдық ұр,

Құлдық ұрғандай хансыз ханымға.

 

Қуатың болса ойыңда,

Құдіретің болса бойыңда,

Әйелдің жасын сұрама,

Жасыл әлемін мойында.

 

Аш нәпсіңді тыйып, жеңсеңіз,

Түспесін десең еңсеңіз.

Сұрама жасын әйелдің,

Әйелдің жасы – он сегіз!

 

Хабардың  толық нұсқасы

Хабарламаларға жазылу