Алматыда мүсінші Хакімжан Наурызбаев тұрған үйде театр ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда мүсінші Хакімжан Наурызбаев тұрған үйде театр ашылды

06.04.2015
Алматыда мүсінші Хакімжан Наурызбаев тұрған үйде театр ашылды

Алматыда актер және режиссер Дмитрий Дягилевтің бастамасымен  «Свой» театры ашылды.  Театр 1961-2009 жылдар арасында атақты мүсінші Хакімжан Наурызбаев тұрған және жұмыс істеген үйде орналасқан.   

Ұлттық кәсіби мүсін өнерінің негізін салушы Хакімжан Наурызбаев - «Абай» (Алматы,  Достық даңғылы), «Шоқан Уәлиханов» (Алматы, Шевченко көшесі), «Жамбыл Жабаев» (Тараз қаласы)  және тағы да басқа монументті ескерткіштердің  авторы.  

Мүсіншінің шеберханасына өздігінен қозғалатын сахна жасалған. Мұнда кезінде Дінмұхамед Қонаев, Ишанбай Қарақұлов және Сәбит Мұқанов сынды ұлы тұлғалар кездесіп, рухани, мәдени мәселелерді талқылаған.

«Бұл ғимаратты алғаш көргенде көз алдыма ерекше театр елестеді. 5 жылдан бері бос жатқан шеберхананы ретке келтіру - көп жұмысты талап етті. Мүсінші жұмыс істеген жерді құрметтеп, өз күшімізбен көркейттік. Бұл үйді бұрынғы қалпына келтіріп, қайта шығармашылық ортаның кездесу орны болғанын қалаймыз», - дейді «Свой» театрының директоры және режиссері Дмитрий Дягилев.

Бүгінгі таңда театр ұжымы 1 мамырда өтетін ресми ашылуына дайындалуда.  

Хабарламаларға жазылу