Алматыда жазушы Дүкенбай Досжан тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды

04.11.2019

Көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дүкенбай Досжанның Алматыда тұрған үйіне ескерткіш тақта қойылды.

Нұрмақов көшесінің бойындағы 114-ші үйде қаламгер 1987-2007 жылдар аралығында тұрған. Оқырмандардың жадында сақталған белгілі шығармаларын осы үйде жазған. 71 жасында өмірден өткен жазушы 11 роман, 22 хикаят, 100-ден аса әңгімесін халыққа мұра етіп қалдырған. Барлығы - ұлттық танымымыздан сыр шертетін құнды дүниелер. «Өйткені Дүкенбай Досжанның әр туындысы тарихи фактілерге негізделген деректі еңбектер», - дейді әріптестері.

Қали Сәрсенбай, жазушы:

Дүкенбай Досжанның шығармалары бірнеше буынды тәрбиеледі. Бұл кісі өте бейнетқор адам. Шығармасы әлемнің 19 тіліне аударылды. 3,5 миллион данамен тарады дүниежүзіне.

Аманкелді Сейітхан


Хабарламаларға жазылу