Алматыда «Әндер мен жылдар» концерті өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Әндер мен жылдар» концерті өтеді

06.04.2015
Алматыда «Әндер мен жылдар» концерті өтеді

Биыл «Әндер мен жылдар» концерті қазақ әншілерінің басын тағы қоспақ. 26 сәуір күні Алматыдағы Республика сарайында өтетін кеште жаңа әндер де айтылады.

Дәстүрге айналған кештің ұйымдастырушысы Құдайберген Бекіш: «Бұл кеш жыл өткен сайын қарқын алып келеді. Мақсат – айтар ойы бар, көрерменнің көңілін дөп басқан қазақ әндерін халыққа кеңінен насихаттау. Концерттің құпиясы сол, мұнда аға буын да, жастар да өнер көрсетеді. 30 әнші қатыспақ»,-дейді.

«Бүгінде соңымнан ерген шәкірттерім бар. Болашақта Құдайберген Бекіштің өнер мектебін ашпақ ниет те жоқ емес. Онда оқушылар ән, би, актерлік шеберлік, сахна тілін үйренетін болады».

«Пародияны танымал жандарға жасайды ғой. Егер актерлер маған пародия жасап жатса, демек, қазақ өнеріне қандай да бір үлесімнің қосылғаны шығар. Тек кей кездері етті бабында қайнатпайды, сорпасына сөлі шығып кетеді»,-дейді әнші.

Сұхбаттың толық нұсқасы - «Таңшолпанда».

Хабарламаларға жазылу