7 сәуірден бастап, елордада «Мен салауатты өмір салтын қолдаймын!» ұранымен Дүниежүзілік денсаулық күні аталып өтеді.
Шара ҚР Денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Керуен» сауда ойын-сауық орталығында ұйымдастырылмақ.
Орталықта «Денсаулық қалашықтары» ашылып, кез келген қатысушы медицина мамандарының кеңестерін ала алады.
Спорт клубтары өкілдерінің қатысуымен шеберлік дәрістері, түрлі конкурстар, викториналар, флеш-моб, спорттық-бұқаралық шаралар өтеді.
Сондай-ақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні шеңберінде Астана қаласының медициналық мекемелерінде «Ашық есік» күндері өтеді.
Шара барысында әрбір тұрғын жоғары санатты мамандарға сауалдарын қойып, консультацялық көмек ала алады.
astana.kz