Душка Йованович атындағы журналистік зерттеу конкурсына материал қабылдау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Душка Йованович атындағы журналистік зерттеу конкурсына материал қабылдау басталды

05.04.2015
Душка Йованович атындағы журналистік  зерттеу конкурсына материал қабылдау басталды

Душка Йованович атындағы сыйлық 4 жылда бір рет журналистік зерттеу бойынша жетістікке жеткен және әлеуметтік әділетсіздікке қарсы күрес үшін беріледі.

Бұл сыйлыққа әлемнің журналистері, медиаорталықтары, ғылыми мекемелері, журналист ұйымдары мен мемлекеттік емес ұйымдар үміткер бола алады. Байкауға ұсынылған жұмыстар Черногория тілдерінің біріне (черногориялық, сербтік, хорваттық немесе босниялық) аударылуы тиіс.

Жеңімпаздар бірінші, екінші және  үшінші орын реті бойынша анықталып, оларға қаржылай сыйлық табыс етіледі.

Жұмыстар 30 сәуірге дейін қабылданады.

Хабарламаларға жазылу