Интернет басылым журналистеріне арналған «Текст 2015» байқауы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Интернет басылым журналистеріне арналған «Текст 2015» байқауы басталды

26.03.2015
Интернет басылым журналистеріне арналған  «Текст 2015»  байқауы басталды

Украинаның және басқа елдердің басылым және интернет басылымдары журналистері мен редакторларына арналған «Текст 2015» байқауына жұмыстар қабылдау басталды.

Оған журналистика және публицистика салаларына қатысты 2014 жылдың 24 мамыры мен 2015 жылдың 6 мамыры аралығында жарық көрген материалдар қатыстырылады.

Жұмыстар орыс немесе украин тілінде қабылданады.

Байқау «Үздік репортаж», «Үздік сұхбат», «Үздік журналистік зерттеу», «Спорт тақырыбындағы үздік материал», «Мәдениет саласына қатысты үздік рецензия», «Үздік фельетон», «Үздік эссе», «Үздік очерк» аталымдары бойынша өтеді.

Әр аталым бойынша І орынға берілетін жүлде - 30 000 (шамамен 240 мың теңге) гривна. ІІ орынға -10 000 (шамамен 80 мың теңге), ІІІ орын үшін  5 000 (шамамен 40 мың теңге) гривна табысталады.

Қабылдау 6 мамырға дейін жүргізіледі.

ijnet.org

Хабарламаларға жазылу